Бүгін Астанада жазушы Ербол Шаймерденұлын еске алу кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада жазушы Ербол Шаймерденұлын еске алу кеші өтті

12.05.2017

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Ербол Шаймерденұлын еске алуға арналған кеш өтті. Көрнекті жазушы-публицист бар ғұмырын мемлекеттің қалыптасып, дамуына арнады. Жиырмаға жуық кітап жазды. Ең көлемдісі - «Қазақстан рәміздері туралы» еңбегі. Бұдан басқа әлемдік афористика классиктерінің және қазақ авторларының туындыларын орыс тіліне аударды.

 Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу