Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Талдықорғанда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты. 2 млн 100 мыңнан астам халқы бар өңір жылдан-жылға қарыштап дамып келеді. 30 жылда аймақта 548 мың жұмыс орны ашылды. 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 200-ге жуық мектеп, 150-ден астам медициналық мекеме пайдалануға берілді.
Салтанатты шарада осындай жетістіктерге жетуге үлес қосқан жетісулықтардың бір парасы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мемлекеттік қызметкерлер, агроөнеркәсіп саласының мамандары, ұстаздар мен дәрігерлер, кәсіпкерлер мен мәдениет майталмандары ерекше құрметке бөленді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық саясатының арқасында барлық сала жүйелі түрде дамыды. Тәуелсіздік жылдарында Алматы облысы да өсіп өркендеді. Еліміздегі ірі индустриалды және аграрлы өңірлердің біріне айналды. Алматы облысын өркендету - Президентіміздің тікелей бақылауында.
Гүлнәр Нүсіпова, М.Әубәкіров атындағы орта мектеп директоры:
Бұл - мен үшін үлкен мәртебе, бір жағынан жауапкершілік. Бұл менің ұжымыма берілген, менің әріптестеріме берілген марапат деп қабылдап отырмын. Себебі ұстаздардың бүгінгі таңда еңбектері ерен екенін көріп жүрмін.
Қуаныш Қанатұлы