Австралияның батысында орман өрті қаулап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияның батысында орман өрті қаулап барады

10.12.2021

Австралияның батысында орман өрті қаулап барады. Сондықтан аймақ аспанына қою түтін көтерілді.

Жасыл желектер үш күн бұрын жана бастады. Содан бері Маргарита өзені маңындағы 6 мың гектар аумақ күлге айналған. Әзірге тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмай тұр.

Отты сөндіруге 100-ден астам маман мен техника тартылды. Олар қауіпке душар болған тұрғындар үшін эвакуациялық орталық құрған. Бүгінше құрбандар туралы ешқандай мәлімет түскен жоқ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу