Калифорнияда орман өрті қаулап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорнияда орман өрті қаулап барады

11.10.2017

Солтүстік Калифорниядағы орман өрті әлі де дес бермей жатыр. Одан 17 адам қаза тауып, 150-ден астамы із-түссіз жоғалып кеткен. 2 мыңдай үй қирап, 3 мыңдай тұрғын уақытша күркелерді паналауға мәжбүр. Ал, 100 мыңға жуық баспана жарықсыз отыр.

17 жерде тұтанған өрт 46 500 гектар алқапты күлге айналдырған. Лапылдаған жалынды сөндіру әзірге мүмкін болмай тұр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу