Манчестерде орман өрті қаулап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Манчестерде орман өрті қаулап барады

27.06.2018

Ұлыбританияның Манчестер қаласы маңында орман өрті қаулап барады. Соның салдарынан жақын маңдағы елді мекендерді қара түтін басып, айнала көрінбей барады. Жергілікті денсаулық сақтау мекемесі халыққа үйден шықпауды ескертті.

Өрт жексенбі күні кешкісін басталды. Қазір оны сөндіруге мамандар мен арнайы техника тартылып отыр. Лапылдаған жалынның жан-жақты тез шарпуына аптап ыстық себепші. Соңғы мәліметке қарағанда, 50-ден астам үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу