Австралияда орман өртінен жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді
Австралияның Квинслэнд және Жаңа Оңтүстік Уэлс штаттарында 140-тан астам орман өрті қаулап, елді мекендерге қауіп төндіріп тұр. Осыған байланысты жүздеген адам үйлерін тастап кеткен. 400-дей тұрғын эвакуациялық орталықтарға орналасты.
Жергілікті басшылықтың мәліметінше, лапылдаған жалын мыңдаған гектар аумақты шарпыған. Жасыл желектерге отты біреулер әдейі қойды деген күдік туындап, кемінде сегіз жерден тұтанған өрт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазір оңтүстік жарты шарда көктем. Сондықтан, бұл аймақта ормандардың жануы қалыпты жағдай емес. Ал, құтқарушылардың сөзінше, тілсіз жауды ауыздықтауға ұйытқыған жел үлкен кедергі келтіріп отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05