Павлодарда карантиндік шектеулер жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда карантиндік шектеулер жеңілдетілді

10.12.2021

Павлодар облысында карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Енді қалааралық жолаушылар тасымалына рұқсат беріледі. Базарлар мен сауда орындары, спорт нысандары, монша мен бассейндер демалыс күндері де жұмыс істейді. Мешіт, шіркеулерлерге толымдылығын 30 пайыздан асырмай келушілерді қабылдауға рұқсат. Өңір қазір – «сары» аймақта.

Ал Павлодар қаласы мен Успен ауданы қызыл аймақтан әлі шыққан жоқ. Коронавирус тарағалы бері ауру жұқтырғандардың 55 пайызы облыс орталығының тұрғындары болып отыр. Соңғы уақытта көбіне балалардың індетке шалдығып жатқаны байқалады. Кейінгі үш айда 1502 оқушы ковид жұқтырған.

Ғизат Әбішев, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық департамент өкілі:

Желтоқсан айының осы күнгі жағдайы бойынша 53 мектепте 75 сынып карантинде. Оқу жылы басталғалы 272 мұғалім короновируспен ауырған. Мектепке дейінгі балалар арасында 111 жағдай тіркелді. Бұл мекемелерде карантиндік шектеулер әзірге өзгермейді.


Павлодар

Хабарламаларға жазылу