Түркістан облысында жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды
Түркістан облысы Шардара ауданында жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды. Медициналық бетперде киген үш адам қаруланып, түнгі сағат 03:00 шамасында жанармай бекетіне келген. Олар кассаға баса көктеп кіріп, кассир мен оның көмекшісін қорқытқан. Қомақты көлемде ақша талап етіп, кассадағы 120 мың теңгені алып кеткен.
Оңай олжаға кенелмек болғандар бекет маңында тосып тұрған төртінші сыбайласының көлігімен оқиға орнынан бой тасалаған. Артынша сезіктілер көршілес Жетісай ауданынан ұсталды. Қолға түскен екеуі қамауға алынып, қалған екі күдіктіге іздеу жарияланды. Сыбайлас төрт адам да бұрын сотты болған.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Лоуэлл» дауылы Гавай аралдарына таяды
08.09.2026, 17:07
Ұлыбритания Израильге қарсы шектеу енгізбек
08.09.2026, 17:05
Анасын баққаны үшін жазадан құтылды
08.09.2026, 17:03
Алматыда дропперлер қолға түсті
08.09.2026, 17:00
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15