Ақмола облысында белгісіз аурудан қара мал қырылып қалды
Ақмола облысының Біржан сал ауданында ірі қара мал белгісіз ауруға шалдықты. 20 күннің ішінде 41 бас түлік өлген. Індет он шақты ауылда тіркелді. Әсіресе Алға, Заураловка, Яблоновка елдімекендерінде ауру өршіп тұр. Малдың аузынан көбік ағып, жем-шөп жей алмайды. Тұяқтарын жара басып кеткен. Өлген жануарлардың көбі - бұзау мен торпақтар. Аудан бойынша 1700-ден астам ірі қараның індетке шалдыққаны анықталды. Бұл белгісіз ауру Ақмола облысында бірінші рет жаздың соңында тіркелген. Сол уақыттан бері өңірде 13 мың 600-ден астам мал ауырып, 79-ы өліп қалған.
Ибрагим Балтабай, Ақмола облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
Үш түрлі ауруға жібердік, бірақ ондай аурулар, вирустар табылмады. Сондықтан өзіміздің ветеринарлық станцияның мамандарымен емдеп жатырмыз. Біз ақысыз емдейміз. Ал дәрі-дәрмекті өзі иелері сатып алады. Өтемақы берілмейді. Өйткені ол ауруды зертхана бізге дәлелдеп беруі керек. Аурудың диагнозын қою керек. Диагноз қойылмағасын, біз ешқандай өтемақы төлей алмаймыз.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00