«Армысың, әз Наурыз!» концерті өтеді
Бүгін Астанадағы Конгресс холл сарайында Ұлыстың ұлы күніне арналған «Армысың, әз Наурыз!» мерекелік іс-шарасы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады.
Мерекелік шарада қазақтың дәстүрлі әншілері Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева, Данияр Мұқанов, Сәуле Желдібаева, Маржан Арапбаева, Жаңабай Өтегенов, айтыс ақындары Балғынбек Имашев пен Жандарбек Бұлғақов өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, «Наз» театрының бишілері би билеп, «Серпер» домбырашылар тобы қазақ күйлерінен попурри ұсынады.
Ал, көрермендер интерактивті ойынға қатыса алады. Белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар да бар.
Мерекелік шара сағат 17.00-де басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25