Солтүстік Қазақстанда бір күнде 6 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Келтірілген залал 5 млн теңгеге жетті. Жарнамалық сайтта тұрмыстық техника сататыны жөнінде хабарландыру берген азаматқа алаяқтар хабарласып, «алдын-ала төлем жасаймыз» деген сылаумен жеке мәліметтерін біліп алған. Осылайша жапа шегушінің атына 2,5 млн теңге көлемінде онлайн несие рәсімдеген.
Екі жағдайда «банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалу» схемасы қолданылған. Мамандардың айтуынша, алаяқтардың ең жиі пайдаланатын тәсілі осы. Олар жәбірленушілерді шотындағы ақшаға қауіп төніп тұрғаны туралы жалған ақпарат айтып қорқытады. Бұдан кейін шот иесінен жеке сәйкестендіру, банк картасының нөмірі және CVV-коды, SMS арқылы келетін бірреттік пароль сияқты деректерді сұрап, жеке шотындағы қаражатты өздеріне аударып алады.