Аймақтарда көлік апатынан бірнеше адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аймақтарда көлік апатынан бірнеше адам мерт болды

06.12.2021

Ақтөбеде оқушыны көлік қағып кетті. Оқиға қала орталығындағы Пацаев көшесінде болған.

«Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлік жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан жасөспірімді қаққан. Оқушы оқиға орнында жан тапсырды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жүргізуші қамауға алынды. Оралда да жол жиегімен кетіп бара жатқан екі жасөспірімді көлік қағып кетті. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі ұсталды. Екі баланың да жағдайы ауыр.

Дәл осыған ұқсас оқиға Ақтау қаласында да тіркелді. Мына бейнекөріністен үлкен жылдамдықпен келе жатқан көліктің жол жиегіне шығып кетіп, артынша қыз баланы қағып кеткенін байқауға болады. Басқа бірнеше адам қашып үлгерген. Полицияның мәліметінше, рөлде болған ер адамның аяқ асты жағдайы нашарлап, тежегішті баса алмаған. Медициналық тексеріс нәтижесі оның ішімдік ішпегенін көрсеткен. Өкінішке орай, 28 жастағы келіншектің жағдайы ауыр.


Хабарламаларға жазылу