Қазақстан мен Түркия діни бағыттағы ынтымақты одан әрі арттырмақ
Қазақстан мен Түркия діни бағыттағы ынтымақты одан әрі тереңдетіп, бұрын да тығыз қарым-қатынасты жандандыра түспек. Анкарада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Түркия Дін істері басқармасының басшысы Әли Ербаш өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сай екі елге ортақ діни мектепті жаңғырту, тәжірибе алмасу және ғылыми жобаларды жүзеге асыру сынды сүбелі істер қолға алынбақ.
Бұдан бөлек Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркі тілдес елдер дін басшыларының алқасын құруды ұсынды. Бұл бастаманы түркиялық әріптесі Әли Ербаш та қызу қолдайтынын білдірді.
Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти:
Түркітілдес елдердің алқасын құрып, алғашқы отырысын Түркістан қаласында өткізсек деген ниет білдіргіміз келеді. Және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесі мен Түркиядағы ғұламалар кеңесінің тәжірибе алмасу мақсатында Түркияда ғұламалар кеңесінің жиынын ұйымдастырсақ деп отырмыз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00