Амнистияға 14 мыңдай адам ілігеді - Ішкі істер министрі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амнистияға 14 мыңдай адам ілігеді - Ішкі істер министрі

02.12.2021

Парламент рақымшылық туралы заң жобасын қабылдады. Енді құжат Президент қарауына жіберіледі. Ішкі істер министрінің мәліметінше амнистияға 14 мыңдай адам ілігеді. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы тоғызыншы гуманизм актісі. Артықшылығы әлеуметтік осал адамдарға көбірек жеңілдік жасалып отыр. Сонымен түзеу мекемелерінен 1 мыңға жуық адам босап, тағы 4 мыңдай адам пробация қызметі тізімінен шығарылады. Сондай-ақ, заң - шет мемлекет сотының Үкімімен істі болып, елде жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарға да қатысты.

Олардың саны 35. Бірақ, амнистия тек бір сотталушыға жасалады. Жалпы, Қылмыстық Кодекстің 78-бабына сәйкес аса ауыр қылмыс жасағандар рақымшылыққа ілінбейді. Олардың қатарында жеткіншектерге зәбір көрсеткендер, кісі өлтірушілер мен экстремистер және қылмыстық топтардың бұрынғы мүшелері бар.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 
Рақымшылық – бұл гуманизм актісі, заңды бұзған азаматтарға қатысты мемлекеттің ізгі ниеті мен білдірген сенімі. Ол жасаған әрекетінің ауырлығы ескеріле отырып, ардагерлерге, кәмелет жасына толмағандарға, егде жастағы азаматтарға, I, II топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне аса қатер төндірмейтін адамдарға қатысты қолданылады. Анағұрлым ауыр қылмыс жасағандарға тыйым салынады.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу