Теміртау мен Қарағандыда үйлерге газ беріле бастады
Тұңғыш Президент күні қарсаңында «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы Теміртау мен Қарағанды қалаларында алғашқы тұтынушыларына көгілдір отын қосып берді. Бұл «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының арқасында қолжетімді болды. Тілшіміз Руслан Нұрланұлы тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
Қарағанды мен Теміртау қалаларында алғашқы 5 үйге газ берілді. Қос шаһармен қатар қазір Жезқазғанды да көгілдір отынмен қамту жұмыстары қызу жүруде. Бүгінгі күні облыс бойынша жоспарланған 1530 шақырым газ құбырының 129 шақырымы тартылған.
Талғат Қызылбаев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының директоры:Жалпы облыс бойынша 2742 тұтынушыны қосуға дайын. Қосуға дайын дегеніміз ол мына қақпаның сыртына дейін құбырды әкелгенбіз. Теміртау, Қарағанды, Жезқазған қалалары бойынша ары қарай қаланың ішіне кіре береміз.
Үйге келіп тұрған құбырды тұрғындар өз қаржысына ішке тартқызып алады. Көгілдір отынға алғашқылардың бірі болып Бейбіт Елубайұлының шаңырағы қол жеткізді. 30 жылға жуық осы жеке үйде тұратын отбасы енді от жағып, күл шығарып бейнеттенбейді.
Бейбіт Елубайұлы, Қарағанды қаласының тұрғыны:Тек қана менің ғана емес, бұл бүкіл елге келіп жатқан - қуаныш. Халықтың жағдайы жақсарады. Қаламыздың ауасы тазарады, жері. Үкіметіміздің осы елдің қамын ойлауының арқасында осындай жетістіктерге жетіп жатырмыз.
Әрине табиғи газ ең ыңғайлы отын түрлерінің бірі. Бірақ қауіпсіздік туралы бір сәтке де ұмытуға болмайды,-дейді мамандар. Жыл соңына дейін облыста газ тұтыну 80 мың текше метр деңгейіне жетеді деп жоспарланған. 2025 жылға дейін өңірде 5 мың үй газбен қамтылады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00