Ералы Тоғжанов: Жаңа штам «Дельта» нұсқадан да қауіпті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ералы Тоғжанов: Жаңа штам «Дельта» нұсқадан да қауіпті

30.11.2021

Елімізде коронавирустың жаңа штамынан төнген қауіпке байланысты шектеу шаралары күшейтіледі. Яғни омикрон өршіп тұрған Африка елдерінен және Гонконгтан келетін шетел азаматтары елге кіргізілмейді. Және бірқатар елмен әуе қатынасы тоқтатылады. Үкімет отырысынан тілші материалы.

Елде эпидахуал жақсарып келеді. Соңғы айда індет жұқтыру дерегі үш еседей, ал ауруханадағы орындар екі есе азайған. Десе де босаңсуға болмайды. Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия төрағасы COVID-тың жаңа штамынан сақ болуымыз керек дейді. Өйткені омикрон әлдеқайда қауіптірек деген мәліметтер айтылып жатыр.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары: 
Бірқатар Еуропа елдері Сингапур, Израиль қатаң шектеу шараларын бүгін қабылдады. ДДС ұйымының алдын ала деректеріне сәйкес жаңа штам «Дельта» нұсқадан да қауіпті және тез таралады.

Сондықтан елде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Яғни омикрон анықталған Израиль, Чехия, Бельгия, Италия,Австриалия Канада секілді 10 елден келетіндер ПТР тапсырып, міндетті түрде үй карантинінде отырады. Ал жаңа штам өршіп тұрған Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар секілді Африка елдерінен және Ганконгтан келетін шетел азаматтары Қазақстанға мүлдем кіргізілмейді. Сол үшін Мысырмен әуе қатынаса тоқтайды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
Басқа елдерде коронавирустың омикрон деген жаңа штамның пайда болғанын ескере отырып, мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысын қолдаймын. Ел ішінде де эпидемиологиялық жағдай үнемі бақылауда болуы қажет. Ғимараттар мен көлікте маска кию әлеуметтік арақашықтықты сақтау жалғассын.

Қазір вирусқа қарсы екпені 8 миллионнан астам адам алды. Ал 9 мыңдай азамат ревакцинация жасап үлгерді. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін бұл маңызды деді премьер.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу