Түркістан облысында 17 мыңға жуық адам «Pfizer» вакцинасын алды
Түркістан облысында 17 мыңға жуық адам «Pfizer» вакцинасын алды. Оның 13 мыңнан астамы жасөспірім болса, қалғандары жүкті және емізулі баласы бар әйелдер. Сала мамандары әсіресе ауылдық жерлердің тұрғындары вакцина салдыруда белсенді. Себебі қазір өңірдегі мектептерде бұл бағытта арнайы кездесулер ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Арыс қаласында да екпе оқушылар мен әйелдерге емханаларда салынуда. Аймаққа «Pfizer» вакцинасының 17550 дозасы жеткізілген болатын.
Жанна Орынбекова, Арыс аудандық орталық ауруханасының дәрігері:
Оқушылардың вакцинаға көзқарасы жақсы. Ата-аналарымен келіп, өз еріктерімен салдырып жатыр. Ал ауылдық жерлерде ата-аналары келісім берген балалардың келісім парағымен медбикелер алып кетіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05