Жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 112 қылмыстық топ ұсталды
Жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 112 қылмыстық топ құрықталды. Ұрланған 7 мыңдай бас малдың 4 мыңға жуығы иелеріне қайтарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады.
Мәселен, Павлодар облысында құрамында 15 адам бар қылмыстық топ шаруа қожалықтарынан ірі қара малды ұрлап, етін Екібастұздың базарында сатқан.
Сондай-ақ Ақмола облысында жайылымда жүрген малды атып алып, елорда базарларына етін өткізбек болған топ ұсталды. Жалпы, кешенді шаралар нәтижесінде соңғы 5 жылда елімізде мал ұрлығының саны 38,5 пайызға төмендеп отыр.
Нұрділда Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:
Қылмыстық кодекске мал ұрлығы жеке бап болып енгізілді. Жауапкершілік қатаңдатылды. Қылмысы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00