Көкшетаудағы кәмелеттік жасқа толмағандарды қолдау орталығына көмек қажет
Көкшетаудағы кәмелеттік жасқа толмағандарды қолдау орталығына көмек қажет. Себебі орталықта тұратындардың саны соңғы уақытта күрт көбейіп, биылға бөлінген қаржы таусылған. Мекемеде отбасында зорлық-зомбылық көрген, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар және түрлі қиын жағдайларға тап болған әйелдер тұрады. Қазір онда 37 адам бар. Биыл барлығы 140 адам осы ұйымның көмегіне жүгінген. Кейде 6 айға дейін орталықты паналайтындар болады. Ал қаржы бір мезгілде, шамамен, 20 адам тұрады деген есеппен бөлінген. Азық-түлік, қызметкерлердің жалақысы, коммуналдық төлемдер сынды шығындар бар. Ал биыл қосымша қаржыландыру қарастырылмаған.Сондықтан орталық көпшіліктен, қайырымды жандардан көмек сұрайды.
Көгершін Сейтқажина, кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік, психологиялық, құқықтық қолдау орталығының психологі:
Күннен-күнге көбейіп жатыр. Мысалы, бір сағат бұрын бір баланы әкелді. Кеше кешке екі баланы әкелді. Бірақ та, оларға мысалы біздің қаражат жеткіліксіз. Қиыншылық біз сол жағынан көріп жатырмыз. Қандай көмек болса да, мысалы, азық-түлік әкелсе де, киім әкелсе де, ойыншықтар әкелсе де соған біз риза боламыз.
Татьяна Костюченко, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:
Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында қаржыландырылады. Көкшетауға республикалық бюджеттен биыл 14 миллион 800 мың теңге бөлінді. Былтыр 8 миллион 600 мың теңге болған. Қазіргі қалыптасқан жағдайды ескеріп келесі жылға қаржыландыру көбейеді деп ойлаймыз.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00