Тегеранда ауа ластанып, түтін қоюланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеранда ауа ластанып, түтін қоюланып жатыр

26.11.2021

Тегеранда 13 күннен бері ауа қатты ластанып, қою түтін ауаға тарап жатыр. Уақыт өткен сайын жағдай қиындап барады. Жүргізушілер қалада тыныс алудың өзі қауіпті дейді. Экологтардың сөзінше, Тегерандағы ауаның ластануы әбден шегіне жеткен.

Осы проблеманың кесірінен респираторлық аурулармен госпитальге түсушілер көбейіп отыр. Иран астанасында 12 миллиондай халық тұрады. Мегаполистің айналасындағы таулар, ауаның тазаруына мұрша бермейді. Күннің суытуы да түтіннің көкке көтеріліп кетуіне айтарлықтай кедергі келтіреді.


Хабарламаларға жазылу