Теміртаудағы ҚарГРЭС-1 кәсіпорынына экологтар тексеріс жүргізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртаудағы ҚарГРЭС-1 кәсіпорынына экологтар тексеріс жүргізеді

15.05.2023

Теміртаудағы ҚарГРЭС-1 кәсіпорынына экологтар тексеріс жүргізеді. Тұрғындар энергия өндіруші орталықтан шығатын түтін мен күлден ауа ластанып жатқанын айтып шағымданған. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбаны сол маңда тұратын тұрғындардың бірі түсірген. Облыстық экология департаменті бұл шағымға қатысты кәсіпорынға тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. Қазіргі таңда инспекторлар тобы зерттеу жүргізуде. Қалған мәлімет бақылау қорытындысы шыққан соң жарияланбақ. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу