Бейжіңді қою түтін басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңді қою түтін басты

01.11.2023

Қытай астанасы Бейжіңді қою түтін басты. Жергілікті үкіметтің ескертуінше, солтүстіктегі ірі қалалардың да ауасы ластанып, тіпті 50 метрге көз жеткізу қиындауы мүмкін. Бейжің басшылығы мәлімдегендей, жағдай ушығатын болса, көліктер қатынасына бақылау орнатылады. Ал кейбір сарапшылардың ойынша, бұл мегаполис экологиясының нашарлауына өнеркәсіптік белсенділіктің артуы, ауыр жүк көліктерінің көбеюі және егістік даласындағы өрттер себеп.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу