Абай шахтасындағы апатқа жұмыс беруші кінәлі
Қарағанды облысы Абай шахтасындағы апатқа жұмыс беруші тарап кінәлі. Бұл туралы бүгін үкіметтік комиссияның жұмыс қорытындысын жариялаған төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты. Шахтаның техникалық жарақталуы, өндірістік қауіпсіздікті сақтау бойынша жаңғырту, геологиялық барлау талапқа сай емес. Сол апат болған 7-ші қараша күні таңертең 500 метр тереңдікте желдеткіш штрегі аумағындағы бөлігінде ұңғылауға дейінгі техникалық даярлық жұмыстары жүргізілген. Сол кезде ауаға метан газы тарап, ілгері кеткен 6 кенші бар-жоғы 2-3 минутта уланып қалған. Диспетчерлік бөлімдегі кезекші дер кезінде электр желісін өшіріп үлгерген. Өрт шыққан күнде жағдай тіпті ушығып кетуі мүмкін еді,-дейді министр. Жер астында болған кеншілердің бірі қорғаныш бетпердесін киіп өзгелерге көмекке барған.Дер кезінде жәрдемдескенінің арқасында әріптестерінің бірі аман қалды. Енді Исмайл Мадмаров марапатқа ұсынылады. Ал тергеу аяқталған соң айыптылар жазаға тартылады.
Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Жұмыс беруші тараптың кінәсі 100 пайыз. Олар ұзақ уақыттан бері жүргізілуі тиіс жұмыстарды дер кезінде орындамаған. Мұндай қайғылы жағдайлардың, апаттардың алдын алу үшін оның маңызды екенін атап өткім келеді. Шахтада геологиялық барлау жұмыстары толыққанды жүргізілмеген, жұмыс беруші тарап кеніштерді техникалық жарақтауға, еңбек қауіпсіздігін арттыратын жаңа технологияларды енгізуге уақытында көңіл бөлмеген. Комиссия өзінің жұмыс қорытындысын тергеу тобына тапсырады. Сол бойынша күдіктілер жауапқа тартылады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00