Сәкен Сейфуллиннің туғанына - 120 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәкен Сейфуллиннің туғанына - 120 жыл

28.02.2014
Сәкен Сейфуллиннің туғанына - 120 жыл
 
Қазақтың ардақты ұлы Сәкен Сейфуллиннің туғанына биыл - 120 жыл. Осыған орай, Астана қаласындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері ақынның мол мұрасына арналған «Жолайрық» атты сахналық қойылым ұйымдастырды.
 
Көрініс барысында Алаш жұрты үшін жанын қиған Сәкен мен Мағжанның достығы айқын бейнеленді. Олар өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына айрықша еңбек сіңірді.
 
Сәкен - халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының сый-құрметіне лайық біртуар тұлға. Университетте ақынның рухына арналған мұндай еске алу кештерін ұйымдастыру дәстүрге айналған.
 
Жайнагүл Құсайынова, Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры:
Жастарға Сәкен Сейфуллиннің күрес жолын, саяси көзқарасын насихаттауға міндеттіміз.

Хабарламаларға жазылу