Анкарада Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына орай халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

28.12.2014
Анкарада Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

Шараға ТҮРКІСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қырғыз Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Ибрагим Жүнісов, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және өкілетті Елшілігінің мәдениет аташесі Азамат Өтепбаев, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының әкімі Ғабдрахман Омаров, белгілі түрколог-ғалым Хәкім Омар, журналист Бақтыбай Жұмаділдин, ғалым Архимед Жанғазиев, ұлттық өнер мен мәдениеттің қолдаушысы, белгілі меценат Сәкен Сейфуллин, Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық драма театрының актері Қанат Жүніс, Ұлттық Президент оркестрінің әншісі Бибігүл Сауытова, Сәкен Сейфуллиннің туысы Асылгүл Әбіш, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Омароғлы қатысты.

Сондай-ақ, шарадан сәкентанушы-ғалымдар, филология ғылымдарының докторлары Ғази университетінің доценті Жәмиля Кынажы, Анкара университетінің доценті Мұрат Жеритоғлы, Ниғде университетінің доценті Хикмет Қораш, Анкара қаласы Етимесгуд ауданының әкім орынбасары Аладдин Сонат, әдеби шығармалардың авторлық құқын қорғау ұйымы ИЛЕСАМ-ның төрағасы Мехмет Нұри Пармаксыз және түркі жұртының басқа да зиялы қауым өкілдері тыс қалмады.

Жиын барысында өнер көрсеткен бірнеше байқаудың жеңімпаздары, әнші Қанат Жүнісов пен Бибігүл Сауытова Сәкен Сейфуллиннің сөзіне жазылған әндерді шырқап, түрік жұртшылығын тәнті етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу