Астанада «Сәкен-Сұңқар» спектаклі сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Сәкен-Сұңқар» спектаклі сахналанды

02.02.2024

Бұл – елордада өткен «Сәкен-Сұңқар» спектаклінің көрсетілімінен үзінді. Қойылым қазақ елінің маңдайына біткен ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай сахналанды. Қаламгердің өмірінен сыр шертетін туынды көрермен назарына оныншы жыл қатарынан ұсынылып отыр. Драмада алаш қайраткерінің ғұмыры жан-жақты көрсетіледі. Жетекшісі режиссер Әлімбек Оразбеков. Басты кейіпкер Сәкеннің рөлін актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сырым Қашқабаев сомдады.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу