Көрініс барысында Алаш жұрты үшін жанын қиған Сәкен мен Мағжанның достығы айқын бейнеленді. Олар өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына айрықша еңбек сіңірді.
Сәкен - халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының сый-құрметіне лайық біртуар тұлға. Университетте ақынның рухына арналған мұндай еске алу кештерін ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Жайнагүл Құсайынова, Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры:
Жастарға Сәкен Сейфуллиннің күрес жолын, саяси көзқарасын насихаттауға міндеттіміз.