Мемлекет тұрақтылығы қарапайым құндылықтардан басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет тұрақтылығы қарапайым құндылықтардан басталады

24.11.2021

Мемлекеттің тұрақтылығын сақтап қалу отбасы институты сияқты қарапайым құндылықтарды дәріптеуден басталады. Себебі әрбір отбасы мемлекеттің бастауы. Экономикалық жетістік болмаса мемлекет болып қалыптасу мүмкін емес. Тұңғыш президенттің «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығына қатысты сарапшылар пікірі осылай.

Мадина Бектенова, ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері:

Тәуелсіздік нығайту – экономиканы нығайту деген өте өзекті. Тәуелсіздік бір жағынан саяси тұрақтылық. Сонымен бірге экономикалық тұрақтылық. Өйткені қазіргі заманда бүкіл әлемде экономикалық дағдарыс болып жатқанда бұл өте маңызды мәселе. Тәуелсіздік деген тек шекара емес. Ол мемлекеттік қалыпты, орнықты дамуы. Тұрақты мемлекет ретінде өзінің орнын табу. Тек ішсаясат емес. Сыртқы саят та бар ол жерде.

Индира Рыстина, ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы:

Мемлекет қанша жерден экономикалық дамыған, мәдениеті жоғары болса да, әлеуметтік орта ыңғайлы болса да, отбасындағы эмоционалды климат ыңғайсыз болса, ол мемлекетте тұру да кедергі келтіреді адамдарға. Сондықтан ең алдымен отбасы институтын қадағалап, сол отбасындағы әлеуметтік рөлдердің атқарылуын, әкенің әке болып, ананың ана болып жауапкершілік алатынын ұмытпауымыз керек.


Хабарламаларға жазылу