Асқар Мамин: Жергілікті қамту үлесін көтеру – әкімдердің тікелей міндеті
Бірқатар облыста қарапайым заттар экономикасының тауарлары бойынша жергілікті қамту үлесі төмен. Солтүстік Қазақстан мен Алматы қаласындағы көрсеткіш тым аз. Бұл әкімдердің кемшілігі. Осыған қарап олардың жұмыстары бағаланады. Үкімет отырысында Премьер-Министр осылай деді. Тек өңірлер рейтингінде Қостанай мен Шығыс Қазақстан көш бастап тұр. Ал, машина жасау, фармацевтика, жиһаз, химия мен тамақ және жеңіл өнеркәсіптерде жоспар орындалған. Бірақ, құрылыс материалы өндірісінде әлі нақты көрсеткішке қол жетпеген. Жергілікті қамту үлесі көрсеткіштерінің өсуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар, оның ішінде заңнамалық шаралар қабылданды.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Офтейк-келісімшарттар, тауарлардың электрондық каталогы, жер қойнауын пайдаланушылармен келісімдер сияқты жаңа құралдар енгізілді. Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы, жергілікті қамтуды дамыту қоры құрылды. Жергілікті қамтуды дамыту – бұл әкімдердің негізгі міндеттерінің бірі, соған сәйкес олардың жұмысы бағаланады.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде 161 волонтерлер ұйымы жұмыс істейді
25.09.2026, 15:10
Өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды
25.09.2026, 15:09
Биыл мемлекетке 1 млн гектардан астам жер қайтарылды
25.09.2026, 15:09
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 15:08
Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 15:08
Бельгиялықтар қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда
25.09.2026, 15:06
«Жауынгерлер Отан алдындағы әскери борышын адал атқарды»
25.09.2026, 15:06
Қаза тапқан сарбаздардың отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатыр
25.09.2026, 15:05