Алматыда ревакцинация науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ревакцинация науқаны басталды

23.11.2021

Алматы қаласында COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация науқаны басталды. Ол үшін емханаларда инактивтендірілген QazVac және Vero Cell вакциналары қолжетімді. Бірінші кезекте ревакцинация медицина мамандары, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне, сондай-ақ 60 жастан асқан қарт кісілерге жасалады. Мамандардың айтуынша, үшінші доза векторлық вакцинадан соң 9 айдан кейін, ал инактивтендірілген екпеден соң 6 айдан кейін жасалады. Қазір Алматы қаласының емханаларында жүкті келіншектерге, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге және бала емізетін аналарға Pfizer вакцинасы да салынып жатыр.

Хабарламаларға жазылу