Қазақстанда қайта вакциналау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда қайта вакциналау басталды

16.11.2021

Қазақстанда қайта вакциналау басталды. Ревакцинациядан бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік және жабық мекемелердегі адамдар өтеді. Тізімде күштік құрылым қызметкерлері және жасы 60-тан асқан адамдар да бар. Бұл туралы Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында жазылған. Векторлық вакцина салғызғандарға ревакцинация 9 айдан кейін жасалуы керек. Ал инактивті және Pfizer екпесінің екі компонентін алған адамдар қайта вакциналаудан 6 айдан кейін өтуге болады. Ревакцинация екпесі ретінде вакциналаудың алғашқы кезеңінде қолданылған препаратты да қолдануға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бас санитар дәрігердің қаулысымен еліміздің аумағында вакцинация паспорты жарамды мемлекеттердің тізімі де кеңейтілді.


Хабарламаларға жазылу