Алматыда екі күнде 315 адам ревакцинациядан өтті
Алматыда екі күнде 315 адам ревакцинациядан өтті. Қазір қалада коронавирусқа қарсы екпенің үшінші дозасын медицина мен күш құрылымдарының қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің мамандары салдырып жатыр. Мамандардың айтуынша, барлық емханада ревакцинация науқаны қарқынды жүруде. Сондай-ақ, алып шаһарда Pfizer вакцинасын алуға ниеттілер қатары көбейген.
Жасөспірімдер, жүкті келіншектер мен бала емізетін аналардың белсенділігі артып келеді. Бүгінде қала бойынша 132 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 12 күн ішінде Pfizer вакцинасы емізулі баласы бар 2 мыңнан астам анаға, 530 жүкті әйелге және 12 жастан асқан 6 мыңға жуық жасөспірімге салынған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зейнетақы жинағымен емделу уақытша тоқтатылды
13.01.2026, 20:52
Цифрлық кодекс және азамат құқығы
13.01.2026, 20:49
Мәжіліс депутаттары «Пеноплекс» зауытының жұмыс барысымен танысты
13.01.2026, 20:25
Тапсырыспен жиһаз жасатар алдында алданып қалмау үшін нені ескеру керек?
13.01.2026, 20:23
Енді бекіре өсіретін шағын шаруашылықтар да субсидияға іліге алады
13.01.2026, 20:22
Елді елең еткізген жаһан жаңалықтары
13.01.2026, 20:20
Астана әлемдегі ТОП-100 қауіпсіз мегаполистің қатарына қосылды
13.01.2026, 20:19
М.Әуезов атындағы Ұлттық театрдың 100 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
13.01.2026, 20:18