Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылында мал ауруы тарады
Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылында мал ауруы тарады. Тұрғындар тек ірі қара емес, қой-ешкілердің де кеселге ұшырағанын айтады. Ал, әкімдік өкілдерінің мәліметінше, Алға ауданы бойынша үш ауылда 60 бас сиыр індетке шалдыққан. Әріптесім Жақсыбек Кемал Бестамақ ауылына арнайы барып келді.
Қалабай Көздібаевтың сиырлары соңғы екі аптадан бері ауруға шалдыға бастаған. Ауыздарынан сілекей ағып, еріндері мен тілдері іріп кетіп жатыр дейді. Бұған дейін мал дәрігері келіп, сынама алып кеткен.
Қалабай Көздібаев, ауыл тұрғыны:Мал дәрігерлері аусыл деп айтады, халық аусул емес деп, судан көріп жатыр. Шошқа баздың нәжістерін Батпақтыға құяды, одан Елекке құяды, Електен мал ішеді. Осы ауылда өліп қалған малдар көп, көбінің малы солай өліп қалған.
Тұрғындардың айтуынша, қой-ешкілер де аяғын баса алмай, жер бауырлап қалып жатыр. Амалсыз көбі пышаққа ілінген.
Қаныбек Мусин, ауыл тұрғыны:Көшенің бүкіл малы ауру. Менікі алма кезек, 5-6 малым бар, бәрі ауырып шықты. Қойлар ақсап жатыр. Шөп жемейді, істемеген шарамыз жоқ.
Тұрғындар малдың жаппай ауруына ауыл іргесіндегі шошқа фермасының әсері бар ма деп күмәнданады. Дегенмен, ветеринар дәрігер оны жоққа шығарды. Айтуынша, дүрлігуге себеп жоқ.
Ал аудан басшылығының айтуынша, үш ауылдың малынан ауру шыққан.
Мейірхан Ермағамбетов, Алға ауданы әкімінің орынбасары:Карантин жарияланбайды. Себебі, алдын алу, профилактикалық жұмыстар жүріп жатыр. Бірақ сіз айтып отырғандай малдың жаппай қырылуы жоқ.
Қазірге дейін ауру тіркелген елдімекендердегі малдан сынама алынып, тексерілген. Аудан бойынша 6 мың бас сиырға екпе салынған.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00