Президент ұсынған ірі бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыру керек
Жетім балаларға деген көзқарасты өзгертетін арнайы тұжырымдама әзірлеу керек. Тіпті жетім деген сөздің өзін қамқорлық атауына алмастырған жөн. Ұлттық кеңестің алтыншы отырысында осы тақырып та көтерілген болатын. Бұдан бөлек, Президент мүгедек балалардың білім алуына жағдай жасау, жалғызбасты аналарға қашықтан қызмет етуді қарастырып, бірқатар тапсырма жүктеген. Бұл ретте қоғамдағы өзекті мәселені қозғап, ұсыныстар жасап, халықтың мұң-мұқтажын дер кезінде көтеретін Ұлттық кеңестің де орны айрықша.
Максим Споткай, ҚР Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары:
Ұлттық кеңес мүшелерінің қатысуымен бірқатар маңызды саяси реформаларды іске асырды. Атап айтқанда, саяси партияларды тіркеу үшін қажетті жақтастар санын азайту, әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квотаны сайлау тізімдерінде енгізу, митингілер туралы мүлдем жаңа заң және 130-бапты декриминализациялау туралы өзгерістер қабылданды. Бұл - нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр деген сөз.
Қайырбек Арыстанбеков, Экономикалық саясат институтының президенті:
Мемлекет басты тарапынан түбегейлі ірі бастамалар көтерілді. Бұл бастамалар еліміздің әл-ауқатын жақсартуға, тұрмыс деңгейін, қақтығыс аймағын шешуге бағытталаған ұсыныстар деп айтуға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00