Сауытбек Абдрахмановтың «Сұхбат сыры» кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауытбек Абдрахмановтың «Сұхбат сыры» кітабы жарық көрді

17.11.2021

Сауытбек Абдрахмановтың «Сұхбат сыры» кітабының таныстырылымы өтті. Туынды «Егемен сериясы» арқылы жарық көрді. Бұған дейін Шерхан Мұртазаның «Намыс найзағайы», Әбіш Кекілбайұлының «Дәуір дауысы» кітаптары оқырманға жол тартты. Серияның ерекшелігі - «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақалалар топтастырылған. Ал жазушы-публицистің бүгінгі еңбегі 16 жыл жазып, жинақтауының жемісі. Жанры – сұхбат қана.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жазушы-публицист:

Тек сұхбат жанрындағы жариялымдар топтастырылған. Бұл жағынан орынды болды деп ойлаймын. Өйткені менің журналистік жолымдағы өзіндік өрнегін танытатын саласы - сұхбат саласы. Жас журналистер үшін үйренетін жайлары бар кітап болады деп ойлаймын.


Сұхбат сыры Сауытбек Абдрахманов

Хабарламаларға жазылу