«Елдік ерлігі» атты 5 томдық кітаптың тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елдік ерлігі» атты 5 томдық кітаптың тұсаукесері өтті

30.11.2021

«Мәдениет, білім, ғылым ықпалдастығы және қазіргі медиакоммуникация». Бүгін елордада осындай атаумен ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараға мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қатысты. Конференция барысында «Елдік ерлігі» атты кітаптың тұсаукесері өтті. 5 томдық публицистикалық шығармалардың авторы - ғалым, қаламгер Сауытбек Абдрахманов. Жиын барысында оның шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Деректі фильм көрсетіліп, баяндамалар оқылды.

Серік Негимов, Филология ғылымдарының докторы, профессор:

Сауытбек Абдрахмановтың ғылыми зерттеулерін зерделеп қараған кезде оның поэтикаға, стилистикаға, әдебиеттің теориясына жетіктігін көреміз. Әлемдік деңгейдегі ғұламалардың еңбегін дұрыс пайдалануы бар. Бұл ретте Сауытбек Абдрахмановтың бір қыры – әдебиеттанушылығы.


Хабарламаларға жазылу