«Тәпсір тұнығы» кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәпсір тұнығы» кітабы жарық көрді

05.11.2015
«Тәпсір тұнығы»  кітабы жарық көрді
Шығарма толық 30 бөлімнен тұратын Қасиетті Құран Кәрім аяттарының 29 бөліміне арналған.

Қазақ рухани әлемі тағы бір тамаша туындымен толықты. «Тәпсір тұнығы» көптомдығының екінші томы оқырманға жол тартты. Шығарма толық 30 бөлімнен тұратын Қасиетті Құран Кәрім аяттарының 29 бөліміне арналған.

Мұнда көлемді 11 сүре қарапайым тілмен жұртшылыққа жеткізілген. Бұл еңбекте автор Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Құранды кеңінен тарқатып, мазмұнын тереңінен жеткізген.

Тәпсір ілімі қоғамдағы барша әділеттілік, ізгілік, имандылықты насихаттайды. Кітап 10 мың данамен шықты.

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу