«Іскерлік журналистика» кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Іскерлік журналистика» кітабы жарық көрді

01.10.2019

Алматыда жас журналистерге қаржы, экономика, бизнес тақырыбын қалай жазуды үйрететін ерекше кітап жарық көрді. «Іскерлік журналистика» деп аталатын көмекші құрал - қазақ тілінде құрастырылған алғашқы еңбек. 

200 беттен тұратын жинақта экономика саласын жазғысы келетін журналистерге кеңестер, мультимедиялық материалдар берілген. Мемлекеттік бюджет туралы, қор биржасына қатысты ақпарат көздері көрсетілген. 7 автор бірігіп жазған кітапта кәсіби мамандардың бірнеше мақаласы бар. Олар осы тақырыпты қалай түсінікті әрі жеңіл жазуға болатындығы туралы тәжірибелерімен бөліскен. 1000 данамен шыққан кітап жоғары оқу орындарының студенттері мен кітапханалар және редакцияларға журналистерге тегін таратылды. Авторлар алдағы уақытта электрондық нұсқасын да шығармақшы. Өйткені, экономикаға қатысты деректер мен ақпараттар күн сайын жаңарып отырады. 

Ербол Азанбек, идея авторы: 

Бізде енді өкінішке қарай қазақ тілінде қаржы, экономика бизнес тақырыбы жиі көтеріле бермейді және оған кішкене мына оқырман тарапынан да бір ауыр тақырып ретінде қабылданады. Бірақ, енді бұл олай емес, Өйткені, біз нарық қатынастар заманында өмір сүреміз. 

Егер БАҚ осы мәселені жиі көтерсе халыққа қарапайым мәселелерді түсіндіріп отырса онда мұндай мәселелер болмас еді деп ойлаймын.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу