Ақтауда көлік аударылып, тағы 5 автокөлікті зақымдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда көлік аударылып, тағы 5 автокөлікті зақымдады

17.11.2021

Ақтауда көлік аударылып, тағы 5 бірдей машинаны зақымдады. «Mitsubishi Pajero» көлігі аударылған күйі жол жиегінде тұрған темір тұлпардың бәрін соққан. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Тек аударылған көліктің жүргізушісі әйел адамға медициналық көмек көрсетілді. Ол өзін нашар сезініп, көлікті басқара алмай қалғанын айтқан. Жүргізушіге әкімшілік хаттама жазылып, көлік айып тұрағына қойылды.


Хабарламаларға жазылу