Ақтөбе облысында жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырады

28.06.2021

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 5 адам жарақат алды. Көлік ішінде 12 жолаушы болған, оның үшеуі бала. Олар Ырғыз ауданынан Ақтөбеге қарай отбасылық іс-шарадан келе жатқаны белгілі болды. Хромтау ауданының Бөгетсай ауылы маңында жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Ауруханаға түскен екі адамның бірі түрлі жарақат алған.

Хабарламаларға жазылу