Ресейде соңғы 24 сағатта 1211 адам коронавирустан қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде соңғы 24 сағатта 1211 адам коронавирустан қайтыс болды

16.11.2021
0:00:00
0:00:00

Жалпы, індетті 38 420 адам жұқтырған. Қазанның аяғы-қарашаның басында мұнда локдаун енгізілгеніне қарамастан, ковидтің тарауы тоқтай қойған жоқ. Осыған орай, елдің бірқатар өңірлерінде дәмхана, мейрамхана, сауда орталықтарына келушілер вакцина салдырғанды дәлелдейтін QR-код көрсетуге міндетті. Жаңа шектеу шараларын енгізу арқылы билік баяулап қалған вакциналау науқанын жылдамдатуды көздейді. Айта кетер болсақ, көршілес мемлекетте халықтың 40 пайызы ғана толық иммундалған.   

Хабарламаларға жазылу