Ресейліктер карантин қарсаңында шетелге кетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейліктер карантин қарсаңында шетелге кетіп жатыр

27.10.2021

Ресейде пандемия өршіп, қазанның 30-да карантин басталатындықтан, тұрғындар шетелдік курорттарға кетіп жатыр. «Бізге локдаун емес, демалыс керек», дейді Кипр, Мысыр, Куба және өзге елдерге аттанып жатқан ресейліктер. Осыған байланысты турларға сұраныс бірден бес есеге өсіп, бағасы қымбаттап барады.

Айта кетсек, соңғы 24 сағатта Ресейде коронавирустан 1123 адам қайтыс болды. Бұл – пандемияның басталғалы ең жоғары тәуліктік көрсеткіш. Эпидемиялық ахуал нашарлағандықтан, қарашаның 1-аптасында Федерация аумағында жұмыс істеуге тыйым салынады.

Ал, Никарагуада вакцина тапшы. Сондықтан бұл мемлекеттің халқы екпе салдыру үшін көрші Гондурастың шекарасына ағылып жатыр. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, екі ел арасында халықты иммундлау пунктері ашылып, оған 8 мыңға жуық никарагуалық барған.

Арыстан Рысбек


Ресей пандемия

Хабарламаларға жазылу