Ресейде бір күнде 24 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

20.11.2020

Мексикада коронавирустан қайтыс болғандар 100 мыңнан асса, Ресейде бір тәулікте алғаш рет 24 мыңнан астам адам індет жұқтырды. Сонымен қатар, көрші елде ковидпен байланысты аурулардан соңғы 24 сағатта 461 тұрғын жантәсілім етіпті.

Жұқтыру оқиғалары 2 миллионнан асқандықтан, Ресей осы жағынан әлемде АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франциядан кейінгі бесінші орында тұр. 

Ресей 2021 жылдан бастап өзінің коронавирусқа қарсы Sputnik V вакцинасын жаппай өндіруге кіріспек. Жергілікті мамандардың мәлімдеуінше, ол препараттың 92 пайызға тиімді екені дәлелденген.

Арыстан Рысбек

Ресей Мексика коронавирус

Хабарламаларға жазылу