Ресейде коронавирус жұқтырудан тәуліктік рекорд орнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирус жұқтырудан тәуліктік рекорд орнады

01.10.2021

Ресейде соңғы тәулікте коронавирустан 887 адам қайтыс болды. Осы инфекциямен байланысты өлім-жітім төртінші күн қатарынан рекорд орнатып отыр. Жалпы алғанда соңғы 24 сағатта 24 522 адам ковид жұқтырған. Пандемия басталғалы бері көршілес елде ковидтан 208 мыңнан астам адам жан тәсілім еткен екен.

Коронавирус Сириядағы қарсыласушы тараптардың ортақ жауына айналды. Ол қазір биліктің бақылауындағы аудандарда да, оппозиция қарамағындағы территорияларда да өршіп тұр. Ал, вакциналау науқаны өте баяу жүріп, ауруханалардың жан сақтау бөлімдерінде науқастарды қабылдайтын орын жетіспей жатыр.

Пандемия басталғалы, Сирияда 31 мыңнан астам адам ковидке шалдығып, онымен байланысты 2100 өлім-жітім тіркелген. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу