Әлем бойынша 100 мыңнан аса жүкті әйел екпе алды
Әлем бойынша 100 мыңнан аса жүкті әйел екпе алды. Тіпті бестен енді асқан балаларға да екпе салынып жатыр. АҚШ, Канада Израиль Германия мемлекеттері бұл шараға ерте кірісті. Сондықтан біздің елде де иммундау жұмыстарын күшейту керек дейді дәрігерлер. Олардың сөзінше, екпе салдырмағанның салдарынан қаншама жүкті әйелдер қайтыс болды. Бұл көрсеткіш әсіресе өткен жылы үдеп кеткен. Оларда коронавирус ауыр өтеді. Қаны қоюланады. Иммунитеті түседі. Сондықтан екпеден қорықпай, жүктіліктің 16 аптасынан бастап салдырған жөн.
Вячеслав Локшин, Қазақстаннның бас репродуктолог-дәрігері:
Біз жасанды жолмен бала көтеру әдісіне жүгінген 300 жұпқа зерттеу жасап жатырмыз. Олардың барлық анализ қорытындысын салыстырдық. Екпе салдырғанға дейін де, кейін де еш өзгеріс байқалмады. Ұрықтың дамуына да еш әсер етпеген. Сондықтан қорқудың қажеті жоқ. Өткен жылы білесіздер, жүкті әйелдердің өлімі 3 пайызға артты. Вирус күннен-күнге мутацияға ұшырап жатыр. Әсіресе балаларымыздың денсаулығын ойласақ, оларға екпе салдыру керек. Індетті жеңудің жалғыз жолы - вакцина.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елде көкөніс, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы төмендеді
17.07.2026, 11:21
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді
16.07.2026, 20:35
Қосшыда бірнеше әлеуметтік нысан салынып жатыр
16.07.2026, 19:45
150 орындық оңалту орталығының құрылысы қайта жанданды
16.07.2026, 19:38
Қарымта матч: «Астана» «Динамо Ситиді» қабылдайды
16.07.2026, 19:36
ШҚО-да еріктілер Дұбығалы көлінің жағалауын тазалады
16.07.2026, 19:32
Сарапшы: Шоқан еңбегі – ғылымның алтын қоры
16.07.2026, 19:31
Жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам келісімге қол қойылды
16.07.2026, 19:30