Басты Жаңалықтар Қарымта матч: «Астана» «Динамо Ситиді» қабылдайды

Қарымта матч: «Астана» «Динамо Ситиді» қабылдайды

Бүгін УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде қазақстандық 2 футбол клуб қарымта матч өткізеді. Елордалық «Астана» өз алаңында Албанияның «Динамо Сити» командасын қабылдайды.

Астана аренада болатын кездесу сағат 19:55-те басталады. Ойынды «Ақпарат» аяқтала салысымен Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар. Айта кетейік, Эльбасанда өткен алғашқы матчта Григорий Бабаянның шәкірттері сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Қарымта матч: «Елімай» «Алашкертке» қарсы ойнайды

Дәл осы уақытта Семейдің «Елімай» футбол клубы Арменияның «Алашкерт» командасына қарсы ойнайды. Матч Спартак стадионында өтеді. Оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Еске сала кетейік, клубтардың алғашқы кездесуі Ереванда өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған еді.


Бөлісу