Биткойн құны 14 мың доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биткойн құны 14 мың доллардан асты

07.12.2017

Ең танымал криптовалюта құны бір тәулікте 2 мың долларға қымбаттады. Бүгін биткойн бағамы 14 мың доллардан асып отыр. Жыл басында ол мың доллар тұрған-ды. Ай сайын бағасы шарықтап келеді. Кейбір деректерге сай, 10 жылда бір биткойнның құны 50 мың долларға дейін өсуі мүмкін. Яғни, криптовалютаға деген сұраныс артып, бұл оның тапшылығына, кейін қымбаттауына әкеледі. Дегенмен, сарапшылар жағдайдың бір сәтте өзгеріп шыға келетінін ескертіп, инвесторларды абай болуға шақырып отыр. Айта кетсек, биткойн - тараптар арасында делдалсыз жүргізілетін электрондық төлем. Ол басқаша криптовалюта, виртуалдық немесе цифрлық валюта деп аталады. Ол алғаш рет осыдан 5-6 жыл бұрын пайда болды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу