Ауғанстанның Гельманд провинциясының фермерлері көкнар өсіруге қайта кірісті
Ауғанстанның Гельманд провинциясының диқандары көкнар өсіруге қайта кірісті. Бұл аймақ үшін апиын өндірісі – халықты жұмыспен қамтитын негізгі сала. Алайда, «Талибан» қозғалысы елдің заңсыз есірткі саудасының ошағына айналуына жол бермейтінін ескертіп отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, 2019 жылмен салыстырғанда, Ауғанстанда көкнар алқаптары 37 пайызға кеңейіп отыр. 120 мыңдай адам жұмыс істеп жүр. Тәліптер болса, оларды әзірге тоқтатпай отыр. Өйткені, жергілікті тұрғындарда жан бағатын өзге кәсіп жоқ. «Бұған тосқауыл қою үшін халықаралық қауымдастықтан көмек қажет. Жұртқа табыс табудың альтернативтік жолын іздеуге жәрдемдесуіміз керек», - дейді «Талибан» өкілі Забихулла Мүджахид.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25