Басты Жаңалықтар Соңғы екі айда коронавируспен сырқаттану деңгейі 2,8 пайызға азайды

Соңғы екі айда коронавируспен сырқаттану деңгейі 2,8 пайызға азайды

Коронавирусты жұқтыру деңгейі 2,8 есеге азайды. Бүгін елдегі эпидемиологиялдық жағдай үкімет отырысында талқыланды. Осы уақытқа дейін екпенің екі компонентін алғандар саны 7 жарым млннан асқан. Десе де премьер-министр екпе жұмыстарын ширата түсу жайын баса айтты. Жиында сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жайы қаралды. Жуырда Қазақстан БҰҰ саммиті шеңберінде климаттың өзгеруіне қарсы күрес туралы ұстанымын растап, Париж келісімін алғашқылардың бірі болып ратификациялаған болатын. Соның аясында жаңа экологиялық кодекс әзірленді.

Раушан Сайлауқызы, тілші:
Жиында алдымен эпид жағдай баяндалды. Соңғы екі айда коронавирус жұқтыру деңгейі 2,8 пайызға ал өлім көрсеткіші 4 есеге төмендеді. Дегенмен көрші елдердегі жағдай әлі де күрделі. Осыны ескере отырып, барлық аймақта мониторинг топтар күшейтілген режимде жұмыс істеу қажет- деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ үкімет отырысында экологиялық мәселелер қаралды. Қазақстанда үш өзекті проблема бар. Ол ауа мен жер үсті суларының ластануы және қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің нашарлығы. Мәселен елдегі 10 қаланың ауасы өте лас. Бұл Нұр-сұлтан, Алматы Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе,Балқаш Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары.

Серікқали Брекешов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
10 қаладағы ластанудың жоғары деңгейі өнерксіп орындарының қызметіне байланысты. Жасыл Қазақстан ұлттық жобасы аясында 16 кәсіпорын шығарындалырн 30 пайызға төмендету көзделген. Бұған 565 млрд теңге қарастырылған.

Кәсіпорын қалдықтарын азайта отырып, қалаларды газдандыру жұмысы ауаны тазартуға сеп. Бүгінде елдегі тұрғын-үйлердің 54 пайызына газ тартылды. 2025 жылға дейін 60 пайызға жеткізу көзделген.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:
Министрлік мынадай шаралар қабылдап жатыр. Алауларда газды жағуа тыйым салу, елімізді одан әрі газдандыру. Жылу электр орталықтарын газға көшіру. Және ластаушы заттарды азайту мақсатында көмір стансаларында ең озық технологияны енгізу.

Елдегі 53 қаланың кәріз жүйесі жаңартуды талап етеді. Бұл салаға бағытталған жұмыстар біртіндеп қолға алынбақ. 2030 жылға қарай барлық қоғамдық көліктер газбен жүретін техникаға немесе электраавтобустарға ауысады. 2060 жылға таман Қазақстан көмірден біржолата бас тартпақ.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2030 жылға қарай 3 пайыздан 15 пайызға, 5 есе, газ генерациясы есебінен энергияның үлесі 20 пайыздан 40 пайызға 2 есе артады. Көмірден алынатын энергия үлесін 70 пайыздан 40 пайызға дейін азайту жоспарланып отыр.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Бұдан бөлек қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру қажет. Бұл ретте 6 қалада қоқыс өңдейтін зауыт салынады. Жиында құрылыс қалдықтарына арналған жеке полигондар болу қажеттігі айтылды. Құрғап бара жатқан Арал теңізінің де жағдайы шет қалмады. 1,1 млн түп сексеуіл отырғызылмақ. Жалпы 2025 жылға дейін, 2 млрд түп ағаш егіліп ауаны тазарту міндеті тұр.

Раушан Сайлауқызы


Бөлісу