«Астана Опера» - Алматыда
Бүгін Алматыда «Астана Опера» театры гастролінің ашылуы. Шара - қазақ өнерінің қарашаңырағы - Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ұйымдастырылып, жаңа ұжымның жетістігін көрмекке өнерсүйер қауым әдеттегіден көп жиылды.
Себебі, гастрольдік бағдарлама шымылдығын қазақ операсының жауһары - «Біржан-Сара» операсы ашты.
Әйгерім Мусина, тілші:
Дәл қазір қазақ операсының қарашаңырағына жиналған көрермендер сілтідей тынған. Себебі, «Астана Опера» театрының тартуы «Біржан-Сара» операсы Алматы шаһарының халқына көрсетілуде. Шоқтығы биік шығарманы Ресейдің Халық әртісі Юрий Александров сахналады. Туынды аз ғана сәттің өзінде көпшілікті ұлттық болмыс пен көз қызықтырар тамаша көріністерімен баурап үлгерді. Ең алғаш Мұқан Төлебаев сахналаған музыка мәдениетінің мәйегін «Астана Опера» театрының ұжымы заманға сай түрлендірсе керек. Әртістердің киім үлгісі мен сахна декорациясына үлкен мән берілген. Ұлттық операның киелі сахнасында қойылған «Бiржан-Сара» әлем халқының ыстық ықыласына бөленіп, көрерменін тебірентпей қоймасы анық.
Әйгерім МУСИНА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26